Обратная связь
×

Обратная связь

Семейде III дәрежелі "Айбын" ордені иегерін ұлықтады

    2022 ж. 01 шілдеде сағат 10:06-да
  • 0
  • 14
  • 0
  • 0
  • 14
  • 0

ҚР Ұлттық ұланы 5511 әскери бөлімінің қатардағы сарбазы Мұхтар Үсеновтың құрметіне орай ұйымдастырылған салтанатты шара Семейдегі қалалық Мәдениет сарайында өтті.

Қуаныштың куәсі болуға әскеридің туыс-туғандары мен жақындары келді. Одан бөлек, құқық қорғау органдарының өкілдері, әскери бөлім ардагерлері, сондай-ақ шаһар тәртібін күзетіп жүрген сарбаздар қатысты.
Биыл қаңтар айының 5-і күні 5511 әскери бөлімінің жедел-әскери резерв құрамында болған жерлесіміз Семей қалалық әкімдігін қорғау кезінде жаппай тәртіпсіздікті реттеуге қатысты.
Ереуілге шыққандармен қақтығыс кезінде топтасқан адамдардың алдын жедел қызметтің 17 әскери қызметшісі бөгеді. Олардың арасында Мұхтар Үсенов те болды. Сарбаз осы кезде сап түзеген жауынгерлердің қатарын бұзған ереуілшілерге бетпе-келіп, бөлініп кеткен әскериді арашалап үлгерді.
Әскери қатар қайта түзелді. Дегенмен жаппай тәртіпсіздіктерге жол бергендер тарапынан оқ атылып, соның салдарынан қатардағы Мұхтар Үсенов ауыр жарақат алды. Нақты айтсақ, оқ оң аяғына тиген. Жарақат алса да әскери міндетін ұмытпаған ол сарбаздар қатарын бұзбай, сол күйі сақтап қалды.
- Ұлттық ұлан қатарында Мұхтар Үсеновтей батыл әрі ержүрек жауынгердің қызмет етіп жатқандығын мақтан етеміз. Өміріне қауіп төніп, бойын шаршаңқылып билеп, тоңса да әскери жауапкершіліктен айныған жоқ. Нендей жағдай болса да соңына дейін жүрді, - деді "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары полковник Берік Тоқтаров.
Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес қатардағы Ернар Үсенов III дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталды. Шара Ақордада өтіп, Президент, Жоғарғы басқолбасшы Қасым-Жомарт Тоқаев орденді салтанатты түрде табыстады.

Бағдат Амангелді,
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі бастығы.
Тегтер: общество

0 пікір