Обратная связь
×

Обратная связь

Жергілікті боксшылар жүлдені молынан иеленді

    18 декабря 2019 в 17:56
  • 0
  • 29
  • 0
  • 0
  • 29
  • 0

Қасым Қайсенов кентінде 2006-2007 және 2008-2009 жылдары туған жасөспірімдер арасында бокстан ҚР Тәуелсіздік күніне арналған облыстық турнир өтті.

Шаршы алаң бәсекесіне облыстың 14 ауданынан 314 спортшы қатысты. Алдымен аудан әкімі Нұрымбет Сақтағанов сөз алып, Тәуелсіздік талай жастың қанымен, қарагөз қазақ қыздарының көз жасымен келгендігін баса айтты. Одан бөлек, сап түзеген спортшылар арасында алдағы ірі сайыстарда ел намысын қорғайтын талантты жастардың тұрғандығына еш күмән келтірмеді.

Жергілікті боксшылар жүлдені молынан иеленді

- Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Осыдан талай жастарымыз рух алып, туымызды төмен жықпайды деген сенімдемін. Мұндай жарыстар жас боксшылардың жігерін жанып, шын шеберлерді анықтауға септігін береді, - деген ниеттемін.

Бұдан бөлек, бокстан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, еліміздегі жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Қайрат Сатжанов айтқандай барлық боксшы төккен тер мен аянбай еңбектенудің арқасында жетістікке жетеді. Осының бір дәлелі – жастар құрамасының Монголияның астанасы Улан-Батор шаһарында өткен Азия чемпионатында Әнұранымыз алты рет шырқатқан сәт.

Жергілікті боксшылар жүлдені молынан иеленді

Сонымен үш күнге жалғасқан шаршы алаң бәсекесі қорытындысында Ұлан ауданының спортшылары 10 медаль иеленді. Жүлдегерлер есімі төмендегідей:


2008-2009 жылы туған жасөспірімдер арасында

26 кг салмақ дәрежесінде Исламбек Қасымбек - 1 орын

28 кг салмақ дәрежесінде Руслан Байқұнақов - 2 орын

30 кг салмақ дәрежесінде Ералы Шәкенов - 3 орын

34 кг салмақ дәрежесінде Асанәлі Әкіжанов - 2 орын

34 кг салмақ дәрежесінде Нұржігіт Илялов - 3 орын

36 кг салмақ дәрежесінде Нұрәлі Хадыхан - 3 орын

36 кг салмақ дәрежесінде Ельнұр Алмасбек - 2 орын

36 кг-ІІІ топ салмақ дәрежесінде Дастан Ілиясов - 2 орын


2006-2007 жылы туған жасөспірімдер арасында

33 кг салмақ дәрежесінде Равиль Орлов - 2 орын

46 кг салмақ дәрежесінде Рустам Ілиясов - 3 орын


Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін Ұлан ауданының әкімі Нұрымбет Сақтағанов тиісті дәрежедегі мадақтамалармен, медальдармен және жарыс төрешілерінін бағалы сыйлықтармен марапаттады.


Әділхан ЕСІМХАНОВ

Теги: спорт

0 комментариев