Обратная связь
×

Обратная связь

Өскеменде жеңіл атлетикадан ел чемпионаты басталды

    12 февраля 2020 в 09:38
  • 0
  • 13
  • 0
  • 0
  • 13
  • 0

Өскеменде «Ольга Рыпакова» атындағы жеңіл атлетика орталығында жасөспірімдер арасында жеңіл атлетикадан ҚР Чемпионаты басталды.

Өскеменде жеңіл атлетикадан ел чемпионаты басталды

Ел біріншілігіне барлық аймақтардан 600-ге жуық спортшы қатысуда. Жарыстың ашылу салтанатында ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Денис Рыпаков спортшыларды құттықтап, жылы лебізін білдірді.

– Шығыс Қазақстан облысында жеңіл атлетика қарқынды дамып келеді. Аймақ басшылығы да көңіл жөліп, жағдай жасауда. Сіздерге жарысты сәтті өткізіп, жаңа рекордтар орнатып, жеңіске жетулеріңізге тілектеспін, – деді Денис Рыпаков.

Өскеменде жеңіл атлетикадан ел чемпионаты басталды

Естеріңізге сала кетсек, 30-31 қаңтарда облыс чемпионаты өткен еді. 200 спортшы арасынан іріктелген атлеттер қазірде аталмыш жарыста аймақ намысын қорғауда. Чемпионат 13 ақпанға дейін өтеді.

Өскеменде жеңіл атлетикадан ел чемпионаты басталды

ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасы

Баспасөз қызметі

Теги: спорт

0 комментариев