Обратная связь
×

Обратная связь

Шығыс Қазақстан атлеттері топ жарды

    13 февраля 2020 в 17:54
  • 0
  • 14
  • 0
  • 0
  • 14
  • 0

Бүгін Өскеменде жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының Чемпионаты өз соңына жетті. Үш күндік додада 2 жаңа рекорд орнатылды.

Шығыс Қазақстан атлеттері топ жарды

Аталмыш чемпионатта 600-ге жуық спортшы қатысқан. Оның ішінде 100-ден астам атлет ШҚО намысын қорғады.

Шығыс Қазақстан атлеттері топ жарды

Жасөспірімдерден бөлек бұл жолы жас жеткіншектер арасында жеңіске қол жеткізгендер көп болды. Соның бірі Арина Гладышева бірінші күні 1 500 м қашықтықты 4:34.04 уақытта жүгіріп өтіп, көптен бері жаңартылмаған рекорды жаңартты. Сондай-ақ, ақтық сайыста 3 000 м қашықтықты жүгіріп өткен Алматы облысының спортшысы Айбол Омар да жаңа рекорд орнатты.

Шығыс Қазақстан атлеттері топ жарды

Жалпыкомандалық есепте жасөспірімдер арасында ШҚО І орын, Алматы қаласының спортшылары ІІ орын және қарағандылық спортшылар ІІІ орын иеленді. Жас жеткіншектер арасында да ШҚО атлеттері үздік болды. ІІ орын Қарағанды облысы, ІІІ орын Шымкент қаласының спортшылары иеленді.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасы

Баспасөз қызметі

Теги: спорт

Читайте также

0 комментариев