Обратная связь
×

Обратная связь

«Ерброк» командасы облыс Кубогінің иегері атанды

    26 марта 2019 в 23:29
  • 0
  • 83
  • 0
  • 0
  • 83
  • 0

Өскеменде шағын футболдан әуесқой командалар арасында XII облыс Кубогі өтті. Турнир үздіктері наурыздың 24-і күні белгілі болды.

«Ерброк» командасы облыс Кубогінің иегері атанды

Облыс Кубогінің иегері атануға 27 команда жарыс жолына шыққан еді. Өскемендік аяқ доп шеберлерінен бөлек, Семейден бес ұжым, Шемонаиха, Ұлан, Зайсан, Глубокое аудандарынан және Риддер қаласынан келіп қатысты.

– Бұл турнирдің өзге сайыстардан ерекшелігі – бір-бірімен бақталастыққа түскен командалар жеребе арқылы анықталған еді. Жеңілген ұжым бірден жарыстан шығып отырды, – деді турнирдің бас төрешісі Сергей Дурницын.

«Ерброк» командасы облыс Кубогінің иегері атанды

Ойын барысында 1/8 финалда Семейдің «Фортуна» командасынан айласын асырған Глубокое ауданының футболшылары өздерін жақсы қырынан көрсетті. «Фортуна» ұжымы болса, өз тобының көшбасшысы еді. Жеңімпаз пенальти сериясында анықталды. Бұл ретте Глубокое ауданының ойыншылары 3:1 есебімен басым түсті. Одан ары ширек финалда «Имсталькон» командасын 7:4 есебімен тізе бүктіріп, тек жартылай финалда семейлік «Онар Строй» ұжымына есе жіберді.

«Ерброк» командасы облыс Кубогінің иегері атанды

Биыл облыс Кубогінің ақтық сынында «Онар Строй» және «Ерброк» сынды екі семейлік команда жолықты. Екі ұжым да финалға бергісіз жоғары деңгейдегі ойын көрсетті. Кездесу барысында 12 доп соғылды. Алғашқы таймда 4:3 есебімен «Онар Строй» ойыншылары басым тұрған еді. Алайда матч соңына қарай «Ерброк» футболшылары жанкештілік танытып, 8:4 есебімен жеңіске жетті.

«Ерброк» командасы облыс Кубогінің иегері атанды

Айта кетейік, осыған дейін «Кеден» командасы облыс Кубогінде үш мәрте топ жарған болатын. Бірақ осы жолы олар чемпиондық өкілеттігін болашақ чемпиондар, «Ерброк» футболшыларына тапсырды. Турнир қорытындысында, төрешілік комитет «Онар Строй» сапындағы Илья Байтеряковты «Үздік гол» аталымы бойынша марапаттады.

«Ерброк» командасы облыс Кубогінің иегері атанды

Себебі, бұл ойынша алаңның ортасында тұрып қарсылас қақпасынан саңылау тапқан еді. Одан бөлек, «Ерброк» ұжымында өнер көрсететін Максим Муха «Үздік ойыншы» деп танылды.

«Ерброк» командасы облыс Кубогінің иегері атанды

Естеріңізге сала кетейік, сәуірдің ортасына қарай үлкен футболдан қалалық біріншілік және «Көктем – Алтын күз» шағын футбол турниры, мамыр айында ардагерлер, қыздар командалары арасында футзалдан облыс чемпионаты, мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы облыс біріншілігі өз бастауын алады.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт

басқармасының баспасөз қызметі

Теги: спорт

Читайте также

0 комментариев