Обратная связь
×

Обратная связь

Бірінші күнде алғашқы рекорд

    12 февраля 2020 в 15:28
  • 0
  • 13
  • 0
  • 0
  • 13
  • 0

Өскеменде жеңіл атлетикадан жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтуде. Алғашқы күн Шығыс Қазақстан спортшылары үшін жеңіске толы болды.

Соның ішінде жас атлет Арина Гладышева қарсыластарының арасынан суырылып шығып, 1500 м қашықтықты 4:34.04 уақытта жүгіріп өтіп, Қазақстан Республикасының U16 дәрежесіндегі рекордты жаңартты.

Арина Риддер қаласының тумасы. Аталмыш чемпионатта ол «Altay Athletics» кәсіб жеңіл атлетика клубының екінші құрамасы атынан қатысып отыр.

Басқа да көрсеткіштер:

2001-2002 ж.т.

- Қайсанова Айым, 1 орын, 400 м, 57.28

- Тарасов Ефим, 1 орын, 400 м, 48.94

- Матвеева Елизавета - 2 орын, биіктікке секіру, 175 см.

- Бромат Валерия - 2 орын, ұзындыққа секіру, 5.79, 60 м, 2 орын, 7.83

- Хрунин Игорь - 2 орын, 1500 м, 4:08.27

2005-2006 ж.т.

- Устименко София, 2 орын, биіктікке секіру 155 см

- Тоискина София, 1 орын, сырықпен секіру 2.70

- Горлов Михаил, орын, 400м, 52.15

- Гладышева Арина, 1 орын, 1500, 4:34.04

- Сизых Артём, 3 орын, 60 м, 7.44

- Таталюк Даниил, орын, 1500, 4:14.23

ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасы

Баспасөз қызметі

Теги: спорт

0 комментариев