Обратная связь
×

Обратная связь

Қазақ күресінен Әлем Чемпионатына 40-тан аса елдің палуандары қатысады

  • 0
  • 21
  • 0

2019 жылдың 15-16 желтоқсан аралығында Ақтөбе қаласында Qazaq Kurеsi-нен Әлем чемпионаты өтеді. Ұйымдастырушылары - Qazaq Kuresi Халықаралық федерациясы.

Әлем чемпионатына 40-тан аса елдің спортшылары қатысады. Олардың қатарында: Украина, Грузия, Австрия, Норвегия, Эстония, Франция, Ирландия, Германия, Пәкістан, Өзбекстан, Иран, Ұлыбритания, Қырғызстан, Үндістан, Литва, Словения, Ресей және т.б. бар.

Палуандар 8 салмақ дәрежесінде белдесетін болады.

Чемпионатта Украина, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Грузия, Литва және Армения мемлекеттерінен келген 8 төреші және өз еліміздің 12 төрешісі төрелік ететін болады.

Qazaq Kuresi Халықаралық федерациясы ұйымдастырған чемпионаттар тарихында алғаш рет төрешілер құрамына Қырғызстаннан келген әйел төреші қосылды.

Жарыстың бас төрешісі ретінде – халықаралық дәрежедегі Қазақстан Республикасының спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген бапкері, PhD докторы - Мырзабосынов Ербол Қуантайұлы тағайындалды.

Qazaq Kuresi Халықаралық федерациясы алтын, күміс, қола медальдардан бөлек, үздік техника, әдемі әдіс және тағы басқа техникасымен ерекшеленген спортшылар марапатталады.

Айта кету керек, чемпионат аясында төрешілер семинары өткізіледі. Әдеттегідей семинар барысында Qazaq Kuresi төрешілік тұрғысында талқыланады.

2019 жылғы Әлем чемпионаты символдарының бірі - Олимпиада алауы. Ол Чемпионат өтетін Ақтөбе қаласының белгісі атанған – қызғалдақпен әрленді. Қазақстанның батыс өңірі мұнай және газ кен орындарына бай. Сондықтан символдардың екінші түсіндірмесі - отты қызғалдақ. Логотиптің дөңгелек формасы шараның халықаралық, жаһандық мәртебесін көрсете отырып, жер шарының бейнесін білдіреді. Қызыл, сары және көк түстер күрес күресінен жарыстар өтетін татамиге түсіне сәйкестендірілді. Бұл түстер логотип кодының негізі.

Іс-шараны «Теңізшевройл», «Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «ҚазТрансГаз», «Азия газ құбыры», «Бейнеу-Шымкент» газ құбыры, КазРосГаз, ERG, Kcell, Qazsport және әкімдік сияқты компаниялар қолдайды.

Анықтама үшін:

Qazaq Kuresi Халықаралық федерациясы - бұл халықаралық деңгейге ие қазақ Qazaq Kuresi турнирлерінің белсенді ұйымдастырушысы болып табылатын Қазақстандағы жалғыз қоғамдық ұйым.

Федерация жыл сайын халықаралық турнирлер мен іс-шаралар өткізеді. Екі жылдан астам уақыт ішінде: Qazaq Kuresi 2017 Әлем Чемпионаты (Астана, Қазақстан), 2018 Халықаралық бапкерлер мен төрешілерге арналған семинар (Тбилиси, Грузия), Qazaq kuresi Еуропа чемпионаты (Грузия және Польша), 2018 оқу-жаттығу жиыны (Алматы, Қазақстан), Азия чемпионаттары (Қазақстан және Моңғолия) Федерацияның қолдауымен «Әлем Барысы» секілді турнирлер өткізілді.


Теги: культура