Обратная связь
×

Обратная связь

Таза балды қайдан табамыз?

    Bri
    14 февраля 2016 в 13:16
  • 0
  • 80
  • 0
  • 0
  • 80
  • 0

Елімізге Ресейден және басқа да елдерден бал сатушылар жиі келеді. Олар барлық қалаларда бал жәрмеңкелерін өткізіп, өнімдерін тонналап сатады. Олардың келуін асыға тосып, алып қалуға тырысатын балқұмарлар аз емес. Оның себебі – өзімізде сапалы балдың жетіспеушілігінен болса керек. Балдың 70 пайызы Шығыс Қазақстанда өндіріледі екен. Бұл орайда олардың табиғи балы басқа облыстарға жете бермейді. Әрине, жер-жерлерде ата-бабасынан бері омарташылықты кәсіп етіп келе жатқан жекелеген адамдар баршылық. Алайда ол бүкіл елімізді болмаса да, сол аймақты қамтуға жете ме?

«Бұл саланың басты проблемасы – бал өткеру, - дейді «Бал ара» Қазақстан омарташылары ұлттық одағының президенті Сергей Терещенко. - Қазіргі мақсат – еліміздегі бал тұтыну көлемін арттыру. Бүгінде бір адам жылына 50 грамм ғана бал жейді екен. Ал бұл бір адамның бір күнде жейтін нормасы. Әр адам жылына 2 кг бал тұтынуға тиіс. Керісінше, әрбір қазақстандық жылына 37 кг қант жейді. Осы көрсеткішті азайту үшін қанттың орнын балмен алмастыру керек».

Біз сұхбаттасқан омарташылар да балды өткізу қиын екенін айтқан болатын. Спекулянттар балды өте төмен бағада алып кетеді екен. Ол омарташының еңбегін ақтамайды. Ал біз, қалалықтар керісінше, таза, табиғи балды таба алмай қиналамыз. Себебі оңай олжа көздеген кейбір пысықайлар балға қолдан жасаған қоспаларды қосып, табыс табатын болған. Таза балды ажыратудың бір әдісі мынау. Табиғи бал суықта тоңып қатады және жылы жерге қойған соң толық ериді. Ал шекер қосылған бал ешқашан ерімейді. Қазіргі күні кәдімгі гүлдің шырынын қайнатып, араластырып, дәмін келтіріп сататындар да пайда болған. Міне, сол үшін біз шеттен келетін балға тәуелдіміз.

«Егер қантты аурухана, мектептерге тарату ісі қолға алынса, ішкі нарықтың өзінде жылына 30-40 мың тонна бал сатылар еді. Мәселен, жапон балаларына 1945 жылдан бері мектепте бал беріледі. Оның пайдасы өте көп. Соны бізде де енгізуге тырысып жатырмыз. Ал егер мемлекет ұсынысымды қолдаса, балды культ дәрежесіне жеткізіп, 15 жылда Қазақстанды бал өндірушілер арасындағы көшбасшыға айналдыруға болады. Оған әлеуетіміз жетеді» дейді Қазақстан омарташылары ұлттық одағының президенті.

Бүгінде Қазақстанда жылына 8-10 мың тонна ғана бал өндіріледі.

Жанат Қапалбаева

Теги: бал , сатушылар , Ресей , Терещенко

0 комментариев

972 Bri
14 февраля 2016, 13:16